Жаңалықтар

Иран мен Израильдегі Қазақстан азаматтары эвакуацияланды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Израильден – 66, Ираннан – 78 қазақстандық елге оралған. Израильдегі азаматтар Мысыр арқылы, ал Ирандағы отандастарымыз Армения (73 адам), Әзербайжан (2 адам) және Түрікменстан (3 адам) арқылы эвакуацияланған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның Иран мен Израильдегі дипломатиялық өкілдіктері азаматтарға құқықтық және консулдық көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр.