Жаңалықтар

Абу-Даби мен Астана арасындағы рейстер уақытша тоқтатылды

Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Абу-Даби мен Астана арасындағы рейстерді уақытша тоқтататынынхабарлады. Компания мұндай шешімге Таяу Шығыстағы саяси жағдайға байланысты келген.

Соңғы рейс 19 маусымда орындалған. Қайтар жолға билет алған жолаушыларға компания Алматы арқылы балама бағытты ұсынуда.

Ұсынысты қабылдағысы келмегендерге билет құнын толық қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін Wizz Air-дің колл-орталығына хабарласу қажет.