Жаңалықтар

Павлодарда қатты желдің салдарынан бір адам қаза тапты

Аймақта екпіні күшті желдің салдарынан бір адам қаза тауып, оннан астам адам түрлі жарақат алған.

Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 17:30 шамасында Ақсу қаласында болған. 1968 жылы туған әйелдің үстіне ағаш құлап, қабырғасына зақым келтірген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапқанын растады.

Сол күні шамамен сағат 19:00-де Ақсуда тағы бір оқыс оқиға тіркелді: 2014 жылы туған бала зардап шеккен. Оның қасына ағаш құлап, бел омыртқасына зақым келген. Балаға медициналық көмек көрсетілді, жағдайы қанағаттанарлық, үйінде амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Ағаштардың құлауына байланысты жедел жәрдемге кемінде 10 адам жүгінген.

– Екібастұз қаласында 1997 жылы туған қыз бен жасы нақты анықталмаған әйел зардап шеккен. Ал, Павлодар қаласында жарақат алғандар қатарында:

 2007 жылы туған жасөспірім (сүйек сынған), 1991 және 1997 жылы туған екі әйел, 2013 жылы туған қыз бала, 2020 жылы туған екі сәби.

Сонымен қатар, облыс орталығында 56 жастағы ер адам кенеттен желдің кесірінен металл қақпаға соғылып, жарақат алған", – деп хабарлады облыстық басқарма өкілдері.

Дәрігерлер қажетті көмекті жалғастырып жатыр. Кешегі дауылда Екібастұз қаласыжарықсыз қалды. Қазір электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Дауылдан келген шығын мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі нақтыланған жоқ.