Әлем спорты тарихындағы ең ұзын адам - ливиялық Сүлейман Али Нашнун (17.08.1943-25.02.1991). Оның бойы 2м 45см болған. Ол Ливияның ұлттық баскетбол құрамында өнер көрсеткен.
Сүлейман 1990-1991 жылдардағы ең ұзын баскетболшы болған.
Әлемдегі ең мықты лига болып саналатын НБА-ның ең ұзын ойыншылары болып екі ойыншы танылды. Олар румыниялық Георге Мурешан және судандық Мануте Бол (16.10.1962-19.06.2010). Олардың бойлары 2м 31см. 1994 жылы бұл екі ойыншы бір командада, Вашингтон Баллетс (қазіргі атауы Вашингтон Уизардс) командасында ойнаған. Мануте Бол
Мануте Бол (бойы 231 см) және Чарльз Баркли (бойы 198 см):
Мануте Бол (бойы 231 см) және Чак Невитт (бойы 226 см):
Георге Мурешан
Георге Мурешан (бойы 231 см) және Майкл Джордан (бойы 198 см):
Георге Мурешан және қыздар:
Шамадан тыс ұзын адамдардың басым бөлігі гипофиз ауруына шалдыққан болады. Жоғарыдағы айтылған ойыншылардың Бол-дан басқалары сондай. Мануте Болдың анасының бойы 2м 8см болған, ал әкесі 2м 3см болған екен. Болдың қарындасы да ұзын, 2м 3см.