«5 қалай?» техникасы

26 Наурыз, 2020 69 0

Сұрақтың күшін сезінеміз бе ?

Дұрыс сұрақ – жауаптың жартысы.

Проблеманың түпкі себебін анықтау үші «5 не үшін ?» әдісін қолданамыз.

Ал проблеманы шешу үшін , келесі нақты қадамды анықтап алу үшін 5 рет «қалай ?» деп сұрақ қою керек.

Мысалы, ағылшын тілін үйренгіңіз келді делік. Мотивацияңыңыз өшпеу үшін  алдымен не үшін екенін анықтап алсаңыз болады.

Сосын «5 қалай ?» техникасын қолданасыз.

  1. – Ағылшын тілін ҚАЛАЙ үйренемін ?

         Миыңыз бірнеше жауап беруі мүмкін: «өзім үйренемін», « курсқа барамын», т.б. Әр жауапты жеке талдап көруге болады. Мысал үшін «Өзім үйренемін» дегенді алайық.

  2. – Ағылшын тілін өзім ҚАЛАЙ үйренемін.?

      – Интернеттен тегін онлайн курс тауып, соны өтіп шығамын.

  3. – Интернеттен тегін онлайн курсты ҚАЛАЙ ? табамын.

      – Google –дан іздеймін, сондай курсты өткен адамдардан сұраймын.

Алғашқы нақты қадамды алған сияқтымыз. 3 рет  «қалай ?» деп сұраудың өзі жеткілікті болды. Максимум 5. Байқадыңыз ба ? «Ағылшын тілін үйрену » деген абстракт мақсаттан нақты қадамға өттіңіз.

    Мақсат қойғанда 2 нәрсе маңызды:

1. соңғы нәтиже қандай болуы керектігін анықтап алу.

2. алғашқы нақты қадамды анықтап алу.

   Сонда ғана алға жылжисыз. Әйтпесе бір орында тұра беруіңіз мүмкін. «5 қалай?» техникасы сол алғашқы қадамды анықтауға көмектеседі.

 

                                            Данияр Жігітбек Лайфхактар кітабынан    

Тегтер: бес, қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.