Жаңалықтар

Ауған әйелдеріне Өзбекстандағы халықаралық сауда орталығына кіруге тыйым салынды

Талибан қозғалысы әйелдерге Өзбекстандағы Термез халықаралық сауда орталығына баруға тыйым салды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Саудагерлердің айтуынша, базар тұтынушыларының басым бөлігін отбасылы әйелдер құрап, тыйым салынғаннан кейін олардың саудасы күрт төмендеген.

Өзбекстанның Ауғанстанмен шекарасындағы Термез халықаралық сауда орталығы 2022 жылы ашылды. Орталықта төрт мың дүкен, медициналық орталық, мейрамханалар, өндірістік және логистикалық аймақтар бар.