Жаңалықтар

"Жұмысыңнан айырылғың келмесе — сантехник бол" — ЖИ негізін қалаушының кеңесі

Жасанды интеллект саласындағы жаңалықтары үшін «ЖИ-дің әкесі» атанған Джеффри Хинтон болашақта жаппай жұмыссыздық қаупі бар екенін ескертті.

Ғалымның айтуынша, қазіргі заманда жасанды интеллект орнын баса алмайтын маман болу үшін аса жоғары біліктілік қажет. Университет бітіргендердің өздері қазірдің өзінде ЖИ-дің орнын алмастыру қаупімен бетпе-бет келіп отыр: әсіресе, заң саласының жас мамандары мен колл-орталық қызметкерлері қатер тобына кіреді.

«Ең дұрысы — сантехник болу», — дейді Хинтон.

Сарапшының сөзінше, медицина саласы да болашаққа бейімделе алады. Себебі дәрігерлерге деген сұраныс — шексіз.