weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұятсыз бейнелерді үнемі көру ми қызметін әлсіретіп, депрессияға бейімділікті арттырады

Ғалымдар 18 бен 36 жас аралығындағы төрт мыңнан аса адамның мәліметтерін саралап, порнографияның психикалық ахуалға қалай әсер ететінін зерттеген. Қатысушылардың жағдайын бағалау үшін арнайы «мазасыздық пен күйзеліс деңгейі» шкаласы қолданылған.

Ұятсыз бейнелерді үнемі көру ми қызметін әлсіретіп, депрессияға бейімділікті арттырады
Фото: ашық дереккөзден

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, порнографияны тұрақты түрде қарайтындардың тек 14 %-ы ғана бұл әдет өздерін жақсы сезінуге көмектескенін айтқан. Ал керісінше, мұны зиянды әдет деп есептейтіндердің басым бөлігі – шамамен 67 %-ы  – өзін-өзі ұстай алмау, ішкі кінә сезімі сияқты мәселелерге тап болған.

Осындай әдеті бар ер адамдарда мазасыздық пен депрессия белгілері жиі байқалған.

Ғалымдардың пайымынша, порнография қысқа уақытқа күйзелісті басқандай көрінгенімен, ұзақ мерзімде адамның психологиялық жағдайын одан сайын қиындатып жібереді.