weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда бірнеше күннен бері  өрт сөнер емес

Атырау маңындағы қамыс алқаптарында тұтанған жалын бірнеше тәуліктен бері ауыздықталмай тұр. Қаланың үстін қалың түтін мен күйе басып, тұрғындар тыныс алу қиындап кеткенін айтуда. Көпшілікте өкпе, демікпе, аллергиялық дерттер өршіп барады.

Атырауда бірнеше күннен бері  өрт сөнер емес
Фото: Ulysmedia

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт ошағын ауыздықтауға ҚР ТЖМ-не қарасты авиация мен жергілікті құрылымдар тартылған. Атап айтқанда, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы оқиға орнына аттанып, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен ТЖД басшысы Нұрлан Жаңабаевпен бірге жағдайды көзбен бағалап қайтты.

Бүгінгі күннің өзінде тікұшақ арқылы төрт мәрте су төгіліп, жалпы 12 тонна көлеміндегі су қамысқа шашылған. Алайда аптап ыстық, қою өсімдік жамылғысы мен желді ауа райы тілсіз жаумен күресті күрделендіріп отыр.

Қазір төтенше жағдай қызметі, «Ақ Жайық» резерватының мамандары және құтқару авиациясы жұмыла әрекет етуде. Өрт сөндірушілер күндіз-түні тыным таппай жұмыс істеуде.