Кадрлар

Қазақстанның әуе қорғанысын Қайрат Садық басқаратын болды

Президент Жарлығымен Қайрат Садықов Қорғаныс министрінің орынбасары – ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Қайрат Садықов – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауылында дүниеге келген. Орынбордағы жоғары зениттік-зымыран командалық училищесін тәмамдаған. Кейін ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде академиялық курстан өткен, Қонаев атындағы университет пен Ұлттық қорғаныс университетінің Бас штаб факультетін аяқтаған.

Бұған дейін Әуе қорғанысы күштерінің тәрбие және идеология жөніндегі бас қолбасшысының орынбасары, сондай-ақ осы саладағы басты басқарманың басшысы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері қолбасшысы, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы болған.