Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаевтың қытай тілін білуі екі ел қатынасына қалай әсер етеді?

Саясаттанушы дипломатияның құпиясын ашты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытай тілін еркін меңгеруі Қытаймен арадағы екіжақты байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаратыны туралы саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдірді деп хабарлайды newsroom.kz.

Тоқаевтың қытай тілін білуі екі ел қатынасына қалай әсер етеді?
Фото: check-point.kz

Оның сөзінше, Қытай қоғамы шет ел басшысының өз тілінде сөйлегенін жоғары бағалап, оған ықыласпен қарайды. Бұл көзқарас кейін ҚХР-дың Қазақстанға бағытталған ресми саясатына да әсер етеді.

– Шет мемлекет басшысының қытай тілін білуі Қытай жұртшылығына жақсы әсер қалдырады. Ал бұл оң ықылас біртіндеп мемлекеттік деңгейдегі қарым-қатынасқа да ықпал етеді, – деді Әбішев Shyndyk.kz-ке берген сұхбатында.

Саясаттанушының пайымынша, мемлекеттер арасындағы сенімді қарым-қатынасты көбіне көшбасшылардың жеке байланысы қалыптастырады. Дегенмен Қытайдағы шенеуніктік тәртіп пен бюрократия дипломатиялық қатынастың аясын шектей алады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату