Алматы вокзалында бомба бар деп ақпарат таратқан адам түрмеге қамалды
Алматының 44 жастағы тұрғыны телефон арқылы төрт рет теміржол вокзалдарына бомба қойылды деп жалған ақпарат берген. Ең қызығы — ол бұл әрекеттерді абақтыда жатып, таксофон арқылы жасаған, деп хабарлайды newsroom.kz.
Әрбір қоңырау төтенше қызметтердің толық жұмылуына, адамдарды эвакуациялауға және вокзал жұмысының уақытша тоқтауына себеп болған. Мемлекетке келген шығын — 3,3 миллион теңгеден асады.
Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы — “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша кінәлі деп таныды. Енді ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып, келтірілген залалды толық өтеуге міндеттелді.