Қай жылы тудыңыз? Жұлдызыңыз сіз жайлы не айтады?

26 Наурыз, 2020 383 0

1. Тышқан жылы туғандар

Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәр-сеге өкпелегіш.

2. Сиыр жылы туғандар

Ұстамды келеді. Туғантуыстарының, өзінің қай-ғысына қатты күйзеліп, кім-ге болсын көмегін аямай- ды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қа-райды.

3. Барыс жылы туғандар

Қызба мінезді, ашулан-шақ, басқаға билік жүр-гізгенді ұнатады, ешнәр-сеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, рен-жітіп тастайды.

4. Қоян жылы туғандар

Қорқақ. Кез-келген нәр-седен үрейленеді, сыр сақ-тауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.

5. Ұлу жылы туғандар

Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тыры-сатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үн-сіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.

6. Жылан жылы туғандар

Сырт көзге ұяң, маңыз-ды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабы-сатын нәрсе – тілі. Шамы-на тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландар-дан аулақ жүр.

7. Жылқы жылы туғандар

Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным тап-пайды. Әйтеуір, күні бойы ты-пырлап, мазасыз күй кешеді.

8. Қой жылы туғандар

Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қа-уіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.

9. Мешін жылы туғандар

Олар - өзіне-өзі ғашық жан-дар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден ар-тық санайды.

10. Тауық жылы туғандар

«Үйкүшік». Үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.

11. Ит жылы туғандар

Мінезі сөзшең, талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш-кімге зияны жоқ.

12. Доңыз жылы туғандар

Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқан-ды ұнатады. Көп нәрсеге ба-сын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.


Тегтер: жұлдыздар, астрология, жұлдызнама, зодиак, тышқан, сиыр, қоян, ұлу, қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.