Жаңалықтар

Қазақстан автосаласын күшейтіп жатыр: 2025 жылы 149 мың көлік шығарылмақ

2025 жылы елімізде 149 мың жеңіл автокөлік құрастырылады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық. Өсімді жаңа өндіріс ошақтары қамтамасыз етпек:

• Алматыда Astana Motors компаниясы жылына 120 мың көлік шығаруға қауқарлы зауыт салып жатыр;
• Қостанайда жылына 70 мың KIA көлігін құрастыруға арналған өндіріс іске қосылуда;
• Сондай-ақ Алматыда жылына 100 мың дана автокресло жасайтын цех өз жұмысын бастады.

Қазірдің өзінде машина жасау саласына 337 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш 2028 жылға қарай 2,7 трлн теңгеге дейін өспек. Қазақстан отандық автонарықты дамытуға шындап кіріскен.