Оралда полицейлер Өрмекші адам мен Бэтменді айыппұл салды
Суперқаһармандар басты кейіпкерге айналған той кортежі жол сақшыларының назарына ілікті. Жас жұбайларға арналған көрініс – нақты айыппұлдармен аяқталды.
Жол ережелерін бұзған: бағдаршамда көліктер тоқтаған кезде көліктен Өрмекші адам мен Бэтмен секіріп түсіп, жолдың қақ ортасында би билей бастаған. Бір қарағанда – көңілді флешмоб, алайда жол полициясы мұндай креативті құптамады.
– Достары жас жұбайларды ерекше тәсілмен қуантқысы келгенін түсінеміз. Бірақ жол ережесі – баршаға ортақ. Оны қуанышқа толы күндері де бұзуға болмайды, – деп түсіндірді Полиция департаменті.
Нәтижесінде полицейлер 17 әкімшілік хаттама толтырды.