Жаңалықтар

16 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның кейбір өңірлерінде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.

«Қазгидромет» РМК сайтында 16 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

🔹 Астана – Аспан ашық, бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде ауа температурасы +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

🔹 Алматы – Аспан бұлтты болғанымен жауын жаумайды. Жел 3–8 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C.

🔹 Шымкент – Аздап бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 8–13 м/с. Түнгі температура +21...+23°C, күндіз +38…+40°C.

🔹 Ақтау – Аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +25...+27°C.

🔹 Ақтөбе – Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +27…+29°C.

🔹 Атырау – Бұлтты, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 5–10 м/с. Түнде +18…+19°C, күндіз +27…+29°C.

🔹 Жезқазған – Аспанда бұлт аралас, жауын жаумайды. Жел 5–10 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C.

🔹 Қарағанды – Бұлт аралас, жауынсыз. Жел 4–9 м/с. Түнгі ауа температурасы +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.

🔹 Көкшетау – Бұлтты, бірақ құрғақ ауа райы күтіледі. Жел 1–6 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +30…+32°C.

🔹 Қонаев – Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

🔹 Қостанай – Бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел түнде 5–10, күндіз 9–14 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +33…+35°C.

🔹 Қызылорда – Аздап бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 7–12 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +40…+42°C.

🔹 Павлодар – Аспан бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 9–14 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +27…+29°C.

🔹 Петропавл – Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +29…+31°C.

🔹 Семей – Бұлт аралас, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

🔹 Талдықорған – Аспан ашық, бұлт аралас, жауынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.

🔹 Тараз – Бұлт аралас, жауын-шашын күтілмейді. Жел 9–14 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +35…+37°C.

🔹 Түркістан – Аздап бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 8–13 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +40...+42°C.

🔹 Орал – Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +26…+28°C.

🔹 Өскемен – Бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Түнгі температура +16...+18°C, күндіз +25…+27°C.