Сұмдық! Иранда құлаған ғимараттан 20 баланың денесі табылды
Иранның Шахид Чамран қаласында тұрғын үй опырылып құлаған израильдік соққының салдарынан 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz
Иранның IRIB мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Израиль шабуылы 14 қабатты ғимараттың опырылуына себеп болған.
"Оқиға орнында 20 бала қаза тапты, оның 10-ы әлі үйінділер астында. Олардың арасында алты және тоғыз айлық сәбилер бар", - делінген ақпаратта.