Ресей өзге елдермен әуе қатынасын тоқтатты

26 Наурыз, 2020 96 0

Ресей 27 наурыздан бастап коронавирус кең тараған елдерден тұрақты және чартерлік халықаралық әуе қатынасын тоқтатады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

РФ үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай шешім ел үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі президиумы отырысында қабылданған.

Алайда бұл шектеу коронавирус тараған елдерден ресейліктерді жеткізу жұмыстарына қатысы болмайды.

«2020 жылдың 27 наурызы, сағат 00:00-ден бастап Росавиация Ресей әуежайларынан шетел әуежайларына және олардан кері тұрақты және чартерлік ұшуларды жүзеге асыруды тоқтатады. Бұған коронавирус індетінің таралуына байланысты шет мемлекеттерден ресейліктерді Ресей Федерациясына шығарумен байланысты рейстер енбейді», - делінген отырыс қорытындысы бойынша жүктелген тапсырмада.


Тегтер: ресей, вирус, ұшақ, әуеқатынасы, рейстер, қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.