Елорда

Астанада жұмыс күнін таңғы 7-де бастау ұсынылды

Мәжіліс депутаты Асылбек Нуралин Астанадағы жұмыс күнінің басталу уақытын сағат 7:00–8:00 аралығынажылжыту туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы ол Мәжілістегі отырыста мәлімдеді.

Ұсыныстың негізгі себебі – жолдағы көлік кептелісі. Депутаттың айтуынша, елорда халқы жақын арада 2 миллион адамнан асады, ал бұл жағдайда көлік қозғалысы қиындап, қалада кептелістер көбейеді.

Осыған байланысты халық қалаулылары «жұмыс күнін икемді бастау» тәртібін енгізуді ұсынуда: біреулер таңғы 7-де, енді бірі 8-де, ал кейбірі 9-да жұмысқа кірісуі мүмкін.

«Депутаттардың жұмысы – алдымен мәселені тудыру, сосын соны шешу жолын іздеу», – деді ол әзіл-шыны аралас.