Жаңалықтар

«Көзімді ашсам, айналамда мүрделер жатты»: Үндістандағы ұшақ апатынан тек бір адам аман қалған

Ахмедабадтан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған Air India әуе компаниясының ұшағында 242 жолаушы болған. Солардың ішінде тек бір адам – 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш тірі қалған.

Ол Үндістанға туыстарына қонаққа барып, елге қайтып келе жатқан. 11А орнында отырған. Hindustan Times басылымына берген сұхбатында былай дейді:

«Ұшқаннан кейін отыз секундтан соң қатты гүрсіл естілді, артынша ұшақ құлады. Бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Көзімді ашсам, айналамда ұшақ сынықтары мен мүрделер... Біреу мені көтеріп, жедел жәрдем көлігіне апарды».

Қазір Рамеш ауруханада, жағдайы тұрақты.