Бұл жағдайға Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы өткір сын айтты. Ол мұндай төлемнің заңдық негізі де, қисыны да жоқ екенін мәлімдеді.
"Жекеменшік ұйым азаматтардан алым жинап қана қоймай, олардың жеке деректеріне де қол жеткізіп отыр. Бұл – мүлде жол беруге болмайтын жағдай", – деді депутат.
Нажметдинұлының айтуынша, мұндай шешімнің қалай, кім арқылы қабылданғаны белгісіз. Төлемнің нақты мөлшерін қандай негізге сүйеніп бекіткен? Неге дәл осы компания? Бұл сұрақтардың бірде-біріне нақты жауап жоқ.
Депутат тек мәселені көтеріп қана қоймай, қазірдің өзінде жиналып үлгерген ақшаны халыққа қайтарып, бұл күмәнді схеманы толықтай тоқтатуды талап етуде. Сонымен қатар, болашақта мұндай шешімдер ашық әрі қоғамдық талқылау арқылы жүзеге асуы керектігін атап өтті.