Жаңалықтар

Дубайда әлемдегі ең үлкен метро салынбақ

Дубайда әмірлікте жаңа метро желілерін салу жұмыстары басталды,- деп хабарлайды newsroom.kz
 

Khaleej Times хабарлағандай, жаңа метро желілері қаланың солтүстік-шығыс бөлігін өзгертеді, көлік кептелісін жеңілдетеді және Дубай халықаралық әуежайымен тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ осы жоба аясында Дубай айлағында жаңа станция – Emaar Properties салынады. Ол әлемдегі ең биік метро станциясына айналады. Оның биіктігі 74 метр болады.

Әлемнің жаңа кереметінің ашылуы 2029 жылы күтілуде.