Жаңалықтар

Қытай қарттарға көмектесетін роботтарды шығармақ

Қытайда қарт адамдарға күтім жасауға көмектесетін роботтарды сынау басталады. Бұл технологиялар қарттарға қамқорлықты жеңілдетіп, отбасылардың жүктемесін азайтуға, кадр тапшылығын өтеуге және күтім инфрақұрылымын дамытуға сеп болмақ. Қолдау үй жағдайында, қауымдастықтарда және арнайы мекемелерде көрсетіледі.

Бағдарлама аясында «ақылды» тұрмысты ұйымдастыру және күнделікті істерге жәрдемдесу көзделіп отыр. Сондай-ақ, есте сақтау қабілеті әлсіреген адамдармен жұмысқа ерекше назар аударылмақ.

Мұндай шешім Қытайдағы демографиялық өзгерістер аясында қажет болып отыр. Елде қарттар саны артып келеді, ал оларға күтім жасайтын мамандар жетіспейді. Өткен жылы Қытайда 60 жастан асқан 300 миллионнан астам адам тіркелген.