Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

QazaqGaz еншілесінің басқарма мүшесі ай сайын 8,8 млн теңге алады

2024 жылы «Интергаз Орталық Азия» компаниясы басқарма мүшелеріне жалпы сомасы 426,1 млн теңге төледі. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында жарияланды.

QazaqGaz еншілесінің басқарма мүшесі ай сайын 8,8 млн теңге алады

Жыл бойы басқарма құрамында төрт адам болғанын ескерсек, әрбір топ-менеджердің үлесіне орта есеппен айына 8,8 млн теңгеден келген. Бұл сома тек жалақыдан ғана емес, сондай-ақ сыйақылар мен өзге де төлемдерден құралған. Аталған төлемдер мөлшері мен берілу жиілігіне қарай әртүрлі болуы мүмкін.

2024 жылдың қорытынды есебінде компания барлық басқарушы қызметкерлерге жыл ішінде 520,7 млн теңге төлегенін көрсеткен. Мұнда басқарма мүшелерімен қатар тәуелсіз директорлар да қамтылған. 2024 жылғы 31 желтоқсанда олардың жалпы саны сегіз адам болған.

Осы соманың ішінен 426,1 млн теңге басқарма мүшелеріне тиесілі болса, қалған 94,6 млн теңге тәуелсіз директорларға берілген.

Қазіргі таңда «Интергаз Орталық Азия» сайтындағы мәліметке сәйкес, директорлар кеңесінде екі тәуелсіз директор бар: Олжас Тлеухабылұлы мен Танбай Наушиев. Соңғысы кеңес құрамына 2024 жылдың қазанында қосылған. Жалпы кеңес құрамында алты адам, оның ішінде басқарма төрағасы Манас Тасыбаевбар.

«Интергаз Орталық Азия» компаниясы 1997 жылдың 1 шілдесінде тіркелген. Ол 100% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына, ал оның өз кезегінде QazaqGaz арқылы тиесілі. Осылайша, компанияның түпкі иесі — Қазақстан үкіметі болып табылады.

Компанияның негізгі қызметі — табиғи газды тасымалдау, сақтау және газ құбырларына техникалық қызмет көрсету.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату