Жаңалықтар

Шымкентте науқас қыздарды зорлаған санитарлар 15 жылға сотталды

The final spritzer

Шымкент қаласында Психикалық денсаулық орталығының екі бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Олар ем қабылдап жатқан қыз-келіншектерге сексуалдық сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп танылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, санитарлар психикалық дертке шалдыққан әйелдерге күш көрсетіп қана қоймай, оларға психотроптық дәрі беріп, қарсылық көрсету қабілетін басқан.

Жәбірленушілердің арасында шизофрения диагнозымен есепте тұрған 17 жастағы қыз бар. Ол зорлық салдарынан жүкті болып, кейіннен түсік жасауға мәжбүр болған.

Сот Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша («Көмексіз күйдегі адамды зорлау») айыптау үкімін шығарды. Екі сотталушы да кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 жылға қатаң режимдегі колонияға қамалды.