Қостанай облысындағы тас жолдар шегірткемен күрес алаңына айналды
Қостанай облысының оңтүстігіндегі тұрғындар дабыл қағуда — Торғай–Шилі–Милысай автожолының бойынан жол мен айналаны жаулап алған шегірткенің қаптағаны түсірілген бейнежазба тарады.
Кадрдан асфальттың қозғалып жатқандай көрінетіні байқалады. Жәндіктер жолды қалың қабатпен басып, жол бойындағы тіршілікті жайпап, әрі қарай жылжуда.
Куәгерлердің айтуынша, шегіртке егінге ғана емес, жолдағы қауіпсіздікке де қатер төндіріп отыр. Көліктер жылдамдықты азайтуға мәжбүр, ал кей жерлерде көру мүмкіндігі мүлде жоқтың қасы.

Жангелдин ауданы шегіртке шапқыншылығының ошағына айналды. Тұрғындар зиянкестер елді мекендерге жетіп үлгермей тұрып, биліктен шұғыл шара қолдануды талап етуде.