Аслан Қаженов: итерілген вообще жаман дейді

26 Наурыз, 2020 1094 0

Менмен құрдас біреу қазір депутат,
Менмен құрдас біреу қазір  министр.
Менмен құрдас біреу қазір төраға,
Менмен құрдас біреу қазір әкім де.

Бірақ, бұған кімдер қазір таңқалар?!
Барлығы да қалыптасқан ескілік.
Біреулерді итеретін біреу бар,
Ал, біздерді итеретін ешкім жоқ.

Енді, міне, бас қатырып отырмыз.
Әйеліммен. Асханада. Оңаша.
Бірдеңе ғып бірімізді біріміз
Итермесек,
Болмай тұр ғой басқаша.

Идеямды ол да бірден қолдады,
Сөйтіп, көштік іске асыру жағына.
Ана жерде бір итердім, болмады,
Мына жерде сондай жағдай тағы да.

Түрлі-түрлі мансаптарды игеріп,
Абыр-сабыр күйге түсіп жатырдық.
Депутат қып көрдім бір рет итеріп,
Одан кейін нетіп көрдім әкім қып.

Ақырында аяқ қалды құрысып,
Күшіміз де сарқылуға таяды.
Таңға жақын тағы көрдім тырысып,
Бірақ, бәрбір сол нәтиже баяғы.

Қайтем енді?! Керек болды бір көру,
Осылайша текке кетті көп амал.
Негізінде оңай емес итеру,
Итерілген вообще жаман дейді ол.

Тегтер: өлең, депутат, әкім, асланқаженов, өсек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.