Иранда зауыт жарылды: зардап шеккендер арасында ауғандар бар
Иранның Натанз қаласының маңындағы металлургиялық зауытта жарылыс болды,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Имамзаде ауданындағы Халидабад болат зауытында көмірқышқыл газы баллонының жарылуы салдарынан жеті адам зардап шекті», - делінген хабарламада.
Тағы бір адамды құтқару мүмкін болмағаны атап өтілді. Зардап шеккендердің барлығы Ауғанстанның тумалары, олар медициналық орталықтарға жіберілді.
Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр