БАӘ өлім жазасына кесілген күйеуін өлтірген әйелге рақымшылық жасады
Рас әл-Хайма әмірлігінде күйеуін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген әйелге рақымшылық жасалды. Белгілі болғандай, сотталған әйел балаларының арқасында өлім жазасынан құтыла алады - олар анасының кінәсінен әкесінен айырылғанына қарамастан, оларды кешірді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Әңгіме жергілікті мектепте жұмыс істеп, қант диабетімен ауыратын заңгер 54 жастағы күйеуін өлтіргені үшін сотталған Парсы шығанағының азаматы туралы болып отыр. Ол қылмысты сүйіктісі мен жүргізушісінің көмегімен жасаған.
Күйеуінен құтылу үшін әйел бұл жағдайда оның өлімі күмән тудырмайды деп үміттеніп, оған инсулиннің жоғарылатылған дозасын енгізген. Алайда жоспары іске аспай, ол инъекцияға анестетик қосуды ұйғарды.
Ер адам есін жоғалтты, ал әйел оның өлді деп шешіп, ғашығын мәйітті «жоюға» шақырды. Оқиға орнына келген ғашық ер адамның әлі дем алып жатқанын анықтап, кейін оны тұншықтырып өлтірген. Жүргізушімен бірге мәйітті тауға апарып, шатқалға лақтырып жіберген.
Біраз уақыттан кейін жергілікті бақташы мәйітті тапты - ол полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары үш күдіктіні де тез арада қолға түсірді. Жауап алу кезінде олар қылмысын мойындады. Үшеуіне де кісі өлтірді деген айып тағылды.
Сот ғашықты да, оның жүргізушісін де өлім жазасына кесті. Әйел де өлім жазасына кесілді. Алайда ұлдары оны кешіргеннен кейін жаза жеңілдетілді. Осылайша ол түрмеде бар болғаны бір жыл отырды.