Кадрлар

27 жастағы А.Тұрапбекова Көкшетау әкіміне кеңесші болды

Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі болып Айым Тұрапекова тағайындалды.

Айым Тұрапекова 1999 жылдың 1 қаңтарында Павлодар облысында дүниеге келген. 2019 жылы Халықаралық бизнес университетін «экономика және құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын сол жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде тағылымгер ретінде бастаған.

Тағайындалғанға дейін Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінде қызмет атқарған.