Жаңалықтар

Ақмолада ер адам трактордың астында қалып көз жұмды

Қайғылы оқиға Ақмола облысында, Державинск қаласының маңындағы жолда болды. Ер адамның өліміне қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Lunking маркалы дөңгелекті тракторда тек бір орын бар – кабина ішіндегі жүргізушіге арналған орын. Алайда екінші бір адам фильтр кассеталарының үстіне отырып алған.

Ақмола облыстық ПД мәліметінше:

«Жолда келе жатқанда жолаушы тепе-теңдігін жоғалтып, жүріп бара жатқан трактордың артқы доңғалағының астына құлап түскен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды».

Трактор жүргізушісі ішімдік ішпеген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Трактор айыптұраққа қойылды.