Кадрлар

Әсел Жанасова Президент кеңесшісі болды

Әсел Жанасова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.       

«Мемлекет басшысының Өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды» деп жазылған бүгінгі хабарламада.

Жанасова 2022 жылғы қазаннан бастап «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы, оған дейін 2020 жылғы шілдеден бастап сауда және интеграция вице-министрі, ал бұрынырақ - 2018 жылдан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы қаржылық көрсеткіштерде көрсетілген «Қазпоштаның» 2023 жылғы қаржылық қызмет бойынша жиынтық көлемі 1,159 трлн теңге болды. Бұл сандар зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу көлемінің 196,6 млрд теңгеге ұлғаюына байланысты.

Қаржы қызметтерінің көлемі 2022 жылға қарай 165,1 млрд теңгеге өсті. «Қазпоштаның» таза пайдасы 2,4 млрд теңге болды - бұндай оң өсім  2019 жылдан бері алғаш рет тіркелді.

Жанасова өзінің «Қазпоштадағы» алғашқы 2022 жылын 12,5 млрд теңге шығынмен жапты. 2023 жылдан бастап компанияны қайта құрылымдап,  стратегияны ауыстырып, қолмен басқару режимін қосқанының арқасында бүгінгі жетістікке жеткізді. 

Жанасова мемлекеттік қызметке кездейсоқ келді деуге болады. 2005 жылы әйгілі РФМШ-ны алтын медальмен аяқтаған ол ІТ мамандығын таңдады, бірақ өзінің мойындауы бойынша компьютерге құлшынысы онша болмаған.

Алтын медаль «Болашақ» бойынша одан әрі оқу үшін Кембриджді таңдауға мүмкіндік берді. Ол жерде Сomputer science мамандығын таңдады. Ол компьютерлердің көмегімен ақпаратты өңдеу принциптері мен әдістерін зерттеді және электроника, бағдарламалау, математика, ЖИ, адам-машина өзара іс-қимылы және т.б. сияқты көптеген ғылымдардың аспектілерін қамтыды.

Топтағы 60 студенттің үшеуі ғана қыз бала  болғанына қарамастан ол  2010 жылы  Кембриджді үздік бітірді.

2023 жылы 2 қазанда мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдаған болатын. Сол кезде Тоқаевқа Ақтөбе, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хабтар салу жоспарланып отырғаны туралы ақпарат беріліп, сол аптада Астанада логистикалық хаб ашылады.

Кездесу қорытындысы бойынша президент компанияны қаржылық сауықтыру және ауылдық елді мекендер үшін көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер ауқымын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырған еді.