Жаңалықтар

Қызылордада жүргізуші сиырды қағып, сойып, етін алып кеткен

The final spritzer

Қызылорда облысында жол үстінде өз заңымен жүрген жүргізуші жұртты таңғалдырды: сиырды қағып кеткен, артынша сол жерде-ақ сойып, етін көлігіне тиеп әкеткен. «Қайыр болсын, жол апаты болса да, ет рәсуа болмасын» деген болар, сірә.

Бастапқыда полиция бұл әрекеттен заңбұзушылық таппай, істі жаба салған.

Бірақ мал иесі мұны құп көрмей, сотқа жүгінген. Ол 350 мың теңге талап етті.

Сотта екі тарап ойланып-толғанып, мәмілеге келді: жүргізуші 150 мың теңге төлеуге келісті. Сот медиативтік келісімді бекітіп, бәрі тату тарқасты.

Сиыр жоқ, бірақ ет желінді, ақша төленді – қазақша айтқанда, «итке сүйек, елге күлкі».