Әлем

Тынық мұхитында 3000 көлік тиелген жүк кемесі өртенді

Тынық мұхитының орталық бөлігінде Мексикаға 3 мыңға жуық автокөлік, оның ішінде 800-ге жуық электромобиль тасымалдайтын Morning Midas жүк кемесінен өрт шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға Адак аралынан (Аляска) оңтүстікке қарай 480 шақырым жерде болған.

Zodiac Maritime басқарушы компаниясының мәліметінше, палубалардың бірінде түтін пайда болған. «Экипаж өртті сөндіруге тырысты, бірақ жағдайды бақылауға ала алмады», - делінген хабарламада. АҚШ жағалау күзеті барлық 22 теңізшіні жақын маңдағы сауда кемесіне эвакуациялады. Компания жүктің иелерін атамады.