Испания вице-премьері коронавирус жұқтырды

26 Наурыз, 2020 70 0

Cәрсенбі күні Испания үкіметі вице-премьер Кармен Кальво COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді.

Сейсенбі күні К.Кальво коронавирусқа сынама тапсырған. Бірінші тест індеттің жоқтығын көрсеткен. Бірақ дәрігерлер оны нақты қорытынды деп санауға болмайтынын айтқан. Солай, вице-премьерден тест тағы бір рет алынып, ол оң болып шыққан.

 63 жастағы Кармен Кальвоның жағдайы жақсы, қазіргі кезде ол барлық қажетті медициналық көмекті алуда.

Тегтер: вицепремьер, үкімет, коронавирус, инфекция, қазақстан, әлем, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.