Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Карикатурашы Ибрагим Кубеков дүниеден өтті

– Кеше Бургас қаласында әкем Ибрагим Кубеков көз жұмды. Қоштасу уақыты мен орны жайлы кейінірек қосымша хабарлаймын, – деп мәлімдеді сейсенбі күні журналистің ұлы Евгений.

Карикатурашы Ибрагим Кубеков дүниеден өтті

Ибрагим Кубеков – 1990-жылдардың басында «Караван» газетінде жұмыс істей жүріп шығармашылық жолын бастаған танымал журналист және карикатурашы. Ол оқиғалардың мәнін, кейіпкерлердің болмысын дөп басып жеткізе білетін шеберлігімен танылған. Кейде оның суреттері қосымша мәтінсіз-ақ оқырманға бәрін ұқтырып тұратын.

Кубеков тек суретші емес, редактор, корректор, иллюстратор әрі өзі ашқан Есіктегі газеттің таратушысы да болған. Ол билік өкілдері мен саясаткерлерге арнаған өткір шарждарымен ел есінде қалды. Әріптестері оның еркін ойлайтын, қолтаңбасы берік суретші болғанын айтады.

Ибрагим Кубеков екі альбом шығарған. Алғашқысы – 50 жасқа толғанда, екіншісі – он жылдан кейін жарық көрді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату