Әскерилердің қателігінен 20 адам мерт болды
Нигерия әскерилері Марая ауылын қарақшылардан қорғап тұрған бір топ жасақшыларға қателесіп шабуыл жасады. Салдарынан 20 бейбіт тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды newsroom.kz
"Ұрланғандарды құтқару үшін қарақшыларды қуғандар истребительмен бомбаланды. Олардың 20-сы қаза тапты", - дейдіжергілікті тұрғын.
Анықталғандай, жойғыш ұшақтың ұшқышы милицияны қарақшылар деп қателесіп, топқа соққы берген. Нигерия қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.