Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланып жатыр
3 маусымда елде сайлау учаскелері ашылып, жергілікті уақыт бойынша таңғы 06:00-де дауыс беру басталды. 52 миллион халқы бар елде дауыс беру құқығы бар 44,4 миллион азамат тіркелген.
29 мамырда басталған алдын ала дауыс беруге 15 миллионнан астам адам қатысқан. Оған дейін, 20–25 мамыр аралығында, шетелде тұратын азаматтар өз таңдауын жасаған.
Бұл сайлау мерзімінен екі жыл бұрын өтіп жатыр. Бұған бұрынғы президент Юн Сок Ёльге қарсы жарияланған импичмент себеп болған.