Дін

Құрбан айтта қандай қой сою керек?

Құрбан айт – Исламдағы ұлық мейрамдардың бірі. Бұл күнді мұсылман адам Алланың разылығы үшін шынайы ықыласпен, таза ниетпен өткізуі керек. Құрбан айтта союға болатын қой белгілі бір шариғат талаптарына сай болуы керек,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мұнда қойға қойылатын негізгі талаптар тізімі:
Жасы

• Қой кемінде 1 жаста болуы керек;

• Егер 6 айлық қошқар ірі әрі семіз болып, бір жастағы қой сияқты көрінсе, оны да құрбандыққа шалуға болады (кей мәзһабтарда рұқсат етіледі, бірақ ең дұрысы — 1 жастағысын сою);

Қой ауру-сырқаусыз, мінсіз болуы керек. Құрбандыққа жарамайтын ақаулар:

• Екі не бір көзі соқыр;

• Аяғы ақсаң (жүре алмайтындай деңгейде);

• Құлағы, мүйізі түгелдей кесілген;

• Тістерінің көбі түсіп қалған;

• Сүйектері көзге көрініп, өте арық;

• Құйрығының басым бөлігі жоқ.

• Иесі (құрбан шалушы)

• Құрбан шалу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, мұсылман, және құрбан шалу міндет болған (қажетті) кісі болуы керек.

Айта кетелік, құрбан айт кезінде жалпы дұға-тілекті оқыған абзал.

“Уа, Алла, бізді Өзіңе жақын болған құлдардан ет. Құрбандығымызды қабыл ет. Құрбан айт мейрамын береке мен мейірімге толтыр. Жүректерімізге иман, үйлерімізге тыныштық, ризығымызға молшылық бер. Барша мұсылман бауырларымызға амандық пен жақсылық нәсіп ет, Амин!”