Жаңалықтар

Ертең — жаз! Маусымда неше күн демаламыз?

Жаздың алғашқы айы аса көп демалыспен қуанта қоймайды. Маусымда бір ғана қосымша демалыс күні бар — Құрбан айт. 2025 жылы бұл мейрам 6 маусым, жұма күніне сәйкес келіп тұр. Осылайша 6-8 маусым аралығы үш күндік демалыс болады, деп хабарлайды newsroom.kz.

5 күндік жұмыс кестесімен жүргендер — 10 күн демалады.
6 күндік жұмыс істейтіндер — 6-ақ күн тынығады.

Маусымда бірнеше кәсіби мерекелер бар, алайда олар ресми демалыс болып есептелмейді:

▫️ 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні
▫️ 5 маусым — Экологтар күні
▫️ 7 маусым — Бәсекелестікті қорғау мамандарының күні
▫️ 9 маусым — Арнайы бөлімдер мен әскерилер күні
▫️ 15 маусым — Медицина қызметкерлерінің күні
▫️ 23 маусым — Полиция және мемлекеттік қызметшілер күні
▫️ 24 маусым — Судьялар күні
▫️ 28 маусым — БАҚ қызметкерлерінің күні

Рәміздер күні — ел үшін маңызды күн, бірақ ол да демалыс емес.