Жаңалықтар

Мелони Тоқаевқа: Сізді бүгінгі заманның ең парасатты көшбасшыларының бірі деп есептеймін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Newsroom.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Италия Үкіметінің басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейі стратегиялық әріптестік рухына толық сай келетінін атап өтті.

– Мен сізді бүгінгі күрделі кезеңде кездескен ең парасатты әрі байыпты көшбасшылардың бірі деп санаймын. Қиындықтардың терең табиғатын түсіне білетін адаммен пікір алмасу – өте құнды. Осындай сындарлы сәтте Италия мен Қазақстан арасындағы ерекше қарым-қатынастың бар екені – қуанышты жаңалық. Біз бұл байланысты жоғары бағалаймыз және мұны бұған дейін де талай мәрте атап өттік. Дегенмен оны одан әрі нығайта түсудің жолдары әрдайым бар. Бұл сапардың басты мақсаты да – сол, – деді Джорджа Мелони.

Оның айтуынша, Қазақстан мен тұтас аймақтың Батыс пен Шығысты жалғайтын тарихи тоғыс нүктесі ретіндегі маңызы зор.