Жаңалықтар

Назарбаевтың портреті бар пәтер сатылымға шықты

Астанада 2000-жылдардың басындағы стильде безендірілген элиталы пәтер сатылымға қойылды, деп хабарлайды newsroom.kz.

260 шаршы метр аумақты алып жатқан бұл нысан тек көлемімен емес, дизайнымен де назар аударады: ақшыл лепнилер, алтын түсті өрнектер, зәулім жиһаз және қабырғада ілінген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті — барлығы сол дәуірдің белгілерін еске салады.

Интерьер бір кездері жоғары лауазымды шенеуніктердің қызметтік пәтері не кеңсесін еске түсіреді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл баспана бұрынғы билік элитасына тиесілі болуы мүмкін.

Пәтердің бағасы — 155 миллион теңге. Иесінің аты-жөні жарияланбаған.