Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жалған диплом жасау — қатаң жазаланады: министрлік мәлімдеме жасады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған дипломдар мәселесіне байланысты ресми мәлімдеме жасады. Соңғы уақытта интернет кеңістігінде күмәнді дипломдар мен оларды сатып алу жолдары туралы ақпарат көбейген, деп хабарлайды newsroom.kz.

Жалған диплом жасау — қатаң жазаланады: министрлік мәлімдеме жасады
Фото: sputnik

Осыған байланысты ведомство былай деп мәлімдеді:

«Дипломдардың заңсыз айналымын болдырмау үшін 1991 жылдан бері берілген құжаттардың бірыңғай деректер базасы құрылды. Қазіргі таңда 3 миллионнан астам диплом туралы мәлімет цифрландырылып, жүйеге енгізілді», – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, «2021 жылдан бастап барлық жоғары оқу орындары өзіндік үлгідегі дипломдар беріп келеді, ал олардың түпнұсқалығын Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы тексеруге болады» деп көрсетілген.

Министрлік жалған диплом жасау немесе оны пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертті. Азаматтарға құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін ресми платформаны қолдану ұсынылады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату