Жаңалықтар

Көмек сұрайтын ешкімі жоқ: Зейнеткер 10 сағат бойы Шымкенттен Қарағандыға жаяу жүрген

Қария жол жиегімен жалғыз өзі жаяу жүріп келе жатқан. Оның жағдайын алғаш болып байқаған – Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов. Ол көлігін тоқтатып, қарияның не себепті ұзақ жолға жалғыз шыққанын сұрайды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Белгілі болғандай, зейнеткердің есепшоттары микрокредит ұйымдарына қарызы үшін бұғатталған. Ал зейнетақысы – белгісіз біреулердің иелігінде. Ақшадан айырылып, көмек сұрайтын ешкімі болмағандықтан, ол Шымкенттен Қарағандыға дейінгі ұзақ жолға жаяу шығуға мәжбүр болған.