14 жастағы шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды
Ақтауда тұратын Эдгар Мамедов халықаралық гроссмейстер атағын алып, ел тарихында бұл дәрежеге жеткен ең жас шахматшы атанды. Ол бұл атақты 14 жас 11 айында иеленіп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды newsroom.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Эдгар бұған дейін үш гроссмейстерлік нормативті орындап, FIDE рейтингінде 2492 ұпай жинаған болатын. Қажетті шекті межеге – 2500 ұпайға – небәрі 8 ұпай жетпей тұрған.
⠀
Бұл ұпайларды ол 2025 жылғы Sharjah Masters International Chess Championship A супертурнирінде еншілеп, алғашқы екі турда сенімді жеңіске жетіп, ел тарихына енді
«Эдгар – бұл атақты иеленген Маңғыстау өңірінен шыққан алғашқы шахматшы. Ол өңір атынан алғаш рет халықаралық гроссмейстер деңгейіне көтерілді», – дейді шахмат мектебі «Дебюттің» жетекшісі Әнуар Шайхымов.