Жаңалықтар

Қазақстанда криптовалюта заңдастырылады

Елордада AIF-2025 форумы өтіп жатыр. 
Елімізде ең қуатты суперкомпьютерді іске қосу жұмысы басталды.

Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.

«Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады», деді Президент.