Астана халықаралық форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.
«Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады», деді Президент.