Талғардағы мектептерде "Заң және тәртіп" атты жаңа пән оқытылады
Талғардағы бірқатар мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жаңа пән енгізіледі, деп хабарлайды newsroom.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешім президенттің "Заң және тәртіп" бастамасын іске асыру аясында қабылданған.
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жаңа пәнді Талғар ауданындағы 3 колледж бен 10 мектепте пилоттық негізде енгізу туралы шешім қабылданған. Сабақтар жаңа оқу жылынан бастап 7–10-сыныпта оқитын 7 500-ден астам оқушыны қамтиды.
Жобаны оқу-ағарту министрлігі мен бас прокуратура бірлесіп әзірлеген. Жобаның жас ұрпақтың бойында заң үстемдігіне, азаматтық жауапкершілікке және отанға адал қызмет етуге деген саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталғаны айтылған.
Талғарда "Хутор бандасы" шынымен бар ма: Шерзат Полат ісі бойынша сотта күдікті жауап берді
"Хутор" бандасы көршімізді пышақтап, атып, өлтіріп кеткен – Шерзат Полаттың әкесі
“Сабақ барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, буллингке қарсы күрес, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ гуманистік құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бас прокуратура қоғам мен мемлекетке адал қызмет етудің үлгісін көрсете алатын 26 білікті маманнан құралған арнайы оқытушылар тобын дайындады”, – делінген хабарламада.
Пилоттық кезең өз тиімділігін дәлелдесе, жоба еліміздің басқа өңірлерінде де жүзеге асырылады.