«Қазселденқорғау» облыстық филиалының басшысы сотталды
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының №2 соты «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Соттың мәліметі бойынша, ол қала тұрғынын жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 миллион теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Станбеков мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылады және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.