Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жолда ақау болса – ақы төлемейсіз

Көлік жүргізушілері енді сапасы нашар ақылы жол учаскелері үшін ақы төлемеуі мүмкін. ҚР Көлік министрлігі ақылы жолдарға қатысты жаңа өзгерістер ұсынып отыр,деп хабарлайды newsroom.kz.

Жолда ақау болса – ақы төлемейсіз
Фото: zhaikpress.kz

Егер жолда қауіпсіздікке әсер ететін зақым, бұзылу анықталса, ол учаскеден өтуді ақысыз ету жоспарлануда. Бұл талап жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін күшінде болады.

Мысалы, ақылы жолдың ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы ақаулы күйде болса – жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана төлейді.

Жаңа ереже 2025 жылғы маусымда күшіне енеді деп күтілуде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату